- Басты
- Жаңалықтар
- 2800-ден астам қазақстандық бала кадет сыныптарында білім алуда
2800-ден астам қазақстандық бала кадет сыныптарында білім алуда
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, кадет сыныптарын ашу жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған. Әр кадет сыныбында жалпы орта білім беру мектептерінің бағдарламасы бойынша білім алатын 30 бала оқиды. Осындай сыныптарда патриоттық тәрбиеге, дене шынықтыру мен бастапқы әскери дайындық мәселесіне ерекше назар аударады.
Бүгінгі күні республикамыздың барлық өңірінде 101 кадет сыныбы жұмыс жасайды, онда 2800-ден аса бала білім алады. Кадет сыныптарының тәрбиеленушілері әскери мамандықтың қыр-сыры, саналы арифметика, бал билері, атқа шабу, қоян-қолтық күрестің әдіс-тәсілдері, шет тілдері, әдеп және т.б. зерделейді.
Қазіргі уақытта Атырау, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының жалпы білім беру мектептерінде кадет сыныптары белсенді жұмыс жасауда. Жуырда Шығыс-Қазақстан облысы Өскемен қаласында № 4 орта мектебінде кадет сыныбының ашылу салтанаты өтті. Алдағы уақытта Батыс-Қазақстан мен Жамбыл облыстарының мектептерінде осындай сыныптарды ашу жоспарлануда.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері