- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2017 жылы өлім-жітім азайды
Қазақстанда 2017 жылы өлім-жітім азайды
Коллегия барысында ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы, 2017 жылдың 9 айының қорытындысы, ТМККК-да медициналық қызметтің бәсекелестікке қабілетті нарықта дамуы, 2018 жылға арналған медициналық қызметті сатып алу мәселелері, 2018 жылға арналған АДҚЕ Бірыңғай дистрибьютер шеңберінде тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетіктері қаралды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетова өз баяндамасында ағымдағы жылдың 9 айында нәресте өлімінің көрсеткіші бойынша оң динамиканың сақталып отырғанын (7,3%-ға төмендеуі), қатерлі ісіктен өлім-жітімнің (5,7%-ға) азайғанын, қайғылы жағдайдан, жарақаттан өлім-жітімнің (9%-ға) төмендегенін, былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда туберкулезден өлімнің көрсеткіші (15,1%-ға) азайғанын мәлімдеді.
«Өздеріңізге мәлім, барлық саланың басты мақсаты медициналық қызметтің сапасын арттыру болып табылады. Сапаны сипаттайтын бірден бір көрсеткіші -бұл тұрғындар шағымының болмауы. Талдау нәтижесі көрсеткендей, негізделген шағымның саны былтырғы жылдың деңгейінде-26% болып қала бермек»,-деп Айжан Есмағамбетова өз ойын толықтырды.
Ол сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ұлттық саясатын іске асыру мәселелеріне де кеңірек тоқталды. Бүгінгі таңда барлық дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңмен реттеуді енгізуді қарастыратын заң жобасы әзірленді, дәріні тіркеу рәсімі өзгертілді, таңбалаудың электронды жүйесі және барлық дәрі-дәрмекті қадағалау, дәрі-дәрмектерді этикалық жүргізу ережелері енгізілді. Сонымен бірге, денсаулық сақтау медициналық теxнологияларын кешенді бағалауды жүргізу жүйесі және дәрілік заттардың клиникалық және экономикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін және нәтижесінде денсаулық сақтаудың шығындарын оңтайландыруға әкелетін және жемқорлықты жоятын жүйе әзірленді.
Бұдан өзге, спикер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жайында xабар бере кетті. Мемлекет пен жеке тұлғаның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем жарналарын аудару мерзімін және МӘМС жүйесінде тұрғындарға медициналық көмек көрсеткені үшін төлем мерзімін ауыстыруға байланысты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңнамаға өзгертулер енгізіледі. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының қаралуында.
«МӘМС енгізу уақытын ауыстыру кезеңінде келесі бағыттар бойынша жұмыстар жалғасатын болады: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесін толықтай енгізу мерзімін ауыстыруды қарастыратын ережелерді 2017 жылдың аяғына дейін қабылдау, азаматтық-құқықтық сипатындағы шартпен табыс табатын жеке тұлғаға арналған мөлшерді төмендету, 2022 жылға дейін сақтандырылмаған тұрғындарға арналған ауысым мерзімін ұсыну, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін арттыру шеңберінде жаңа тариф саясатын іске асыру, денсаулық сақтау жүйесін сандыққа көшіру, медициналық ақпараттық жүйені, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйесін енгізу»,-деді Айжан Есмағамбетова.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды