- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі талқыланды (ФОТО)
Астанада экологиялық проблемаларды шешу мәселесі талқыланды (ФОТО)
Дөңгелек үстел аясында экология мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйым өкілдері баяндама жасады. Диалог алаңында қоршаған ортаны қорғауға қатысты ең өзекті проблемалар мен Қазақстандағы экологиялық бастамаларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мәселесі айтылды.
«Қауымдастық құрамына енген білікті мамандардың күш біріктіруі нәтижесінде экологиялық заңнаманы одан әрі жетілдіруге болатындығын тілге тиек етті. Қауымдастық қызметінің маңызды бағаттарының бірі өскелең ұрпақпен жұмыс жүргізу және халықаралық әріптестікті дамыту керек», - деді Президиум Төрайымы Әлия Назарбаева.
Қазақстан Респбуликасының вице-министрі Ғани Сәдібеков өз баяндамасында Қауымдастықтың құрылуы заман талабы және бұл бастамашыл ұйыммен энергетика Министрлігі тығыз әріптестік байланыс орнатуға дайын екендігін мәлімдеді.
Астанадағы ЕҚЫҰ бас кеңсесі басшысының орынбасары Диана Диголь Қауымдастықтың келешекте әріптестік жасайтын бағыт-бағдарларын белгіледі. Оның айтуынша ЕҚЫҰ бағдарламасының кеңсесі 2018 жылы Астанада «жасыл экономиканы» дамытуға арналған ұлттық стратегияны жасауға қатысады.
Осы ретте кеңсе тарапынан су ресурстарын ұлттық деңгейде интеграциялық басқарылу қағидасын енгізуге, трансшекаралық суларды реттеудегі әріптестікті арттыруға, сондай-ақ су сапасына қатысты мәселелердің оңтайлы шешілуіне қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Дөңгелек үстел барасында Қауымдастық құрамына мүшелікке өткендерге арнайы сертификат табысталды. Бүгінгі таңда еліміздегі экология саласындағы тәжірибелі деген жетекші 30 ұйым қауымдастық құрамына кірді. Айта кету керек, Қауымдастық құрамына мүшелікке кіруге ниет білдіргендер қауымдастық сайтына онлайн режимінде тапсырыс қалдырып тіркеле алады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мен Қауымдастық мүшелері, алда тұрған маңызды экологиялық проблемаларды анықтап қана қоймай, оның шешу жолдарын айқындайтын болып келісті.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі