- Басты
- Жаңалықтар
- ИЖТМ мен ИДБ ҚР-дағы жекеменшік секторды қолдау жұмыстарын күшейтеді
ИЖТМ мен ИДБ ҚР-дағы жекеменшік секторды қолдау жұмыстарын күшейтеді
Ә.Исекешев өз сөзінде, екіжақты ынтымақтастықтың форматы өзгеріп отырғанын, егер бұрын мемлекеттік жобаларға басымдық танытылса, енді корпоративаралық өзара іс-қимылдың барлық секторын дамытуға, әсіресе жекеменшік сектормен байланысты дамытуға басымдық жасалып отырғанын баса атап көрсеті.
«Атап айтқанда, ИДБ мен ИЖТМ тарабының қолдауымен Алматы облысының құрылыс секторы үшін алюминийден дайын өнімдер шығаратын зауыттың құрылысын қазақстандық және түрік инвесторларының жүргізетіндігі туралы келісімге қол қойылды (жоба аясында Павлодар алюминий зауытына жеткізу үшін жылына 7 мың тонна алюминийді өңдеу жоспарлануда)», - делінген хабарламада.
Оған қоса, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп балама энергетика жобаларын қаржыландыру қоры, Әл-Хилаль банкімен (Абу Даби) және түрік инвесторларымен бірлесіп лизингтік компания құрылып отыр.
ИДБ сондай –ақ, Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі қорының кеңсесін ашу үшін бірнеше грант бөлді.
Вице-премьер сондай-ақ, Мемлекет басшысының ұйытқы болуымен 2012 жылдың қазан айында Қазақстан мен ИДБ арасындағы әріптестіктің 2012-2014 жылдарға арналған елдік стратегиясы қабылданғанын еске салды. Бұл әріптестік аясында бүгінгі таңда ислам банкингі индустриясын дамытуға және сауданы қаржыландыру жобаларына шамамен 500 млн. АҚШ доллары тартылып отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады