- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта конституциялық заңдарға өзгертулер енгізу қаралды
Сенатта конституциялық заңдарға өзгертулер енгізу қаралды
Заң жобасымен сот жүйесі, мемлекеттік рәміздерді орналастыру, Конституциялық Кеңес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мәселелері бойынша конституциялық заңдардың жекелеген ережелері нақтыланады. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелерінің ант беру тәртібін Президент белгілейтіні туралы түзету енгізіледі.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңда Тұңғыш Президенттің мәртебесі нақтыланады. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сот төрелігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға тікелей байланысты лауазымдарды алмастыру тәртібін белгілеуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Конституциядан «Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар» ұғымының алынып тасталуына байланысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңға мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібін белгілеу жөніндегі түзетулер ұсынылып отыр.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңда сақтандыру және банкі қызметінің дамуына, қаржы технологиясының, электрондық коммерция мен инновациялық жобалардың жетілдірілуіне байланысты Орталықтың міндеті ұлғаятын болады. Отырыста «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, әкімшілік-құқық бұзушылық заңнамасын ізгілендіруге, бизнеске қысымды азайтуға, жекелеген процестік ережелерді жүйелеуге, сондай-ақ құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды алып тастауға бағытталған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске: - әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген құрамдары бойынша әкімшілік айыппұлдар мөлшерін төмендетуді, ескерту институтын қолдануды ұлғайтуды, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдардың ең жоғары шегін бес жүз айлық есептік көрсеткіштен екіжүзге дейін азайтуды, қысқартылған өндірісті қолдану саласын ұлғайтуды, қызметтің жекелеген түрлерін тоқтатуға негіз болған тәртіп бұзушылық жөнделген кезде берілген рұқсаттың (немесе оның жекелеген қосымшаларының) күшін мерзімінен бұрын қайта жаңғыртуды, жекелеген қызметті немесе әрекетті жүзеге асыруға берілген рұқсат беру құжаттарының күшін жоюды немесе тоқтатуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Кішігірім, мардымсыз тәртіп бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату тетіктері енгізіледі.
Одан басқа, әкімшілік тәртіп бұзған адамды әкімшілік жазасының бірі ретінде жиырма төрт сағатқа дейін қамауға алу жөніндегі әкімшілік ұстау мерзімін белгілейтін толықтыру енгізіледі. Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі -
Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері -
Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет -
QR-код: Жұмыс істеп жатқан базар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен үй жанындағы дүкендерге енгізу қажет емес -
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды -
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр -
Қаржы саласындағы заңдарға енгізілген өзгерістер: Бюджеттің қосымша шығындары қайда жұмсалмақ -
Шет мемлекеттер карантин шараларын күшейтуде. Қазақстан да қатаң режимдегі карантин енгізуі мүмкін -
Қайрат Мәми «Ата Заң» туралы жинақтар мен пошта маркаларын таныстырды -
М.Әбенов: Шектеулер енгізуден басқа амал жоқ -
Қазақстанның есебі Еуропалық Комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысында қаралды -
Бүгін мәжілісте салық салу, цифрландыру, экология мәселелері қаралды