- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның индустриалды кәсіпорындары 13,4 млрд теңгенің өнімін өндірді
ОҚО-ның индустриалды кәсіпорындары 13,4 млрд теңгенің өнімін өндірді
Бүгінгі таңда аймақтағы кәсіпорындардың бюджеттік аударымдары 7,2 млрд. теңгеге жеткен.
Нәтижесінде «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында жалпы облыстағы индустриалды аймақ кәсіпорындары 13,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысы Нуркен Бегулиев мәлімдеді.
2017 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жайын баяндаған компания басшысы бүгінде аймаққа облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп келетінін атап өтті.
Сонымен бірге, спикер қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы тартылған инвестиция бойынша республикада көш бастап келетінін жеткізді. Мәселен 2017 жылы 20 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобамен келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі таңда облыс көлеміндегі индустриалды аймақтарда 169 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда екен.
«Жалпы құны 155,2 млрд. теңге көлеміндегі жобалар бойынша 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Ал бүгінгі таңда құны 34,8 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба іске қосылған. Бұл кәсіпорындарда 4 мың адам жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін сомасы 7,7 млрд. теңге болатын 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осылайша осы жылдың соңына дейін барлық индустриалды аймақтарда жүзеге асқан жобалардың саны 80-ге жетеді», - деді Нуркен Рахымұлы.
Сонымен қатар, 2018 жылы жалпы сомасы 38,6 млрд теңгені құрайтын 11 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде келесі жылдың соңына қарай 6500-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек, «Оңтүстік» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясы 2018-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірлеп жатыр. Онда облыстағы аудан мен қалаларда индустриалды аймақтарды толтыру мәселесі қаралған.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Теңгенің құнсыздануы күтіле ме -
Биыл теңгенің құны 450-ден көтерілмеуі тиіс - сарапшы -
Қазақстанда 995 млрд теңгені құрайтын 206 жоба іске қосылады