• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Павлодар облысындағы жаңа зауыт 36 мың тонна қоспалы алюминий өндіреді

ИИДМБ: Павлодар облысындағы жаңа зауыт 36 мың тонна қоспалы алюминий өндіреді

8 Желтоқсан, 2017 14:53
Мемлекет басшысы Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында Павлодар облысында жаңадан құрылған қоспалы алюминий өндірісін және осы алюминийден автомобиль дискілерін жасап шығаратын зауытты іске қосты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында құрылысы басталған «Giessenhaus» ЖШС-і еліміздегі алюминий өндірісінің алғашқы сапында тұр. Зауытқа 5 миллиардқа жуық инвестиция тартылып, 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Біз жыл сайын 36 мың тонна қоспалы алюминийді еліміздің кәсіпорындарына жеткізуге және экспортқа шығаруға дайынбызә», - деді  «FORWOLL GROUP» компаниялар тобының бас директоры Руслан Литвинов телекөпір кезіндегі Елбасыға арналған сөзінде.

Сонымен бірге, «K&K» компаниялар тобының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің алюминийден жасалған автомобиль дөңгелектерін көрсетті.

«Аса бай кен орындары бар біздің еліміз үшін түсті, қара және сирек кездесетін металлдарды өндіріп қана қоймай, олардан дайын өнім жасап шығару аса маңызды.  Қоспалы алюминийден автомобиль дискілерін жасауды қолға алдық. Бұл басы ғана. Енді алюминий өндірісін ары қарай дамыту қажет»,  – деді Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында.

 

Барлық жаңалықтар