Атырау облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді (ФОТО)

7 Желтоқсан, 2017 20:36
Атырау қаласы Жұмыскер ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұрғындардың, қала және ауылдың мәдениет қайраткерлерінің, сонымен қатар НКОК компаниясы басшыларының қатысуымен жаңа мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл - жалпы аумағы 1298 шаршы метрді құрайтын заманауи ғимарат. «НКОК» компаниясының демеушілігімен «Нұрлы-жол құрылыс» компаниясы құрылысты жүргізді. Мәдениет үйі 200 орындық көрермен залы, сахна құрылғыларымен, бөлмелерге қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған. Жеке жылу орталығы, электр станциясы, аула, өрт сөндіруге арналған су қоймалары бар.

«Ғимараттың 1 қатарында (этаж) 200 көрермен залы, мәдениет үйінің қызметкерлеріне арналған 5 кабинет, 1-қонақ қабылдау бөлмесі, 1-гримдеу бөлмесі, би үйірмесінің алаңы (холл), киім шешу бөлмесі (гардероб), кіре беріс алаңы, 2 бөлме ауылдық кітапхана орналасқан», - деді Мәдениет үйінің қызметкерлері.  

Ғимараттың 2-ші қатарында: Саз студиясы, сахна құрылғыларын басқару орталығы, 2-кабинет қызметкерлер бөлмесі, 1-кабинет ауылдық ардагерлер кеңесі орналасқан.Мәдениет үйінде тұрақты түрде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Барлық жаңалықтар