- Басты
- Жаңалықтар
- Асық ату ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени емес мұралар тізіміне енді
Асық ату ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени емес мұралар тізіміне енді
Сессия аясында Қазақстанның арнайы көрме бұрышы көрсетіліп, асық ойыны баршаға паш етілді. Осы шара барысында, сессияға келген елдердің мүшелері асыққа ұқсас ойынның өздерінің де елдерінде бар екендіктерін айтып жатты. Осының негізінде, асық физикалық дайындықты дамытып қана қоймай, елдер арасындағы достықты нығайтатынын байқауға болады. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, өскелең ұрпақ аталған спортты сақтау мен дамытуда басты роль атқарады.
Айта кетейік, номинацияға дайындықты ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Материалдық емес мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық Комитеттің сарапшылары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі жүргізді.
«Қазақстан материалдық емес ұлттық мұраны қорғау жөніндегі конвенцияны ратификациялағаннан бері (2011жыл, желтоқсан) ЮНЕСКОның материалдық емес мұралар репрезентативтік тізіміне ҚР қатысуымен 7 номинация ұсынылды: «Домбырада күй орындау» (2014ж.), «Қазақ күресі» (2016ж.), Қырғызстанмен бірлесе «Киіз үйді құру» номинациясы (2014ж.) және «Айтыс/Айтыш өнері» (2015ж.), сонымен қатар, «Наурыз» бойынша өтінім берген 12 мемлекеттің қатарына кірдік, «Бүркітпен аң аулау» (18 мемлекет), «Жұқа түрік наны» (5 мемлекет). Соңғы үшеуі тізімге 2016 жылы енді», - деп хабарлады комитет.
Қазақстандық өтінімнің ЮНЕСКОның халықаралық тізіміне енуі Қазақстанның материалдық емес мұраларының халықаралық дәрежеде танылуына және ұлттық деңгейде оны қорғаудың жүйелі шараларының жасалуына ықпал етеді.
Жуық арада Қазақстан ЮНЕСКОның Материалдық емес мұралардың репрезентативтік тізіміне «Қазақ атбегілерінің көктемгі дәстүрлері» және Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркиямен бірлескен «Қоркыт-Ата мұрасы» өтінімін қарастырады.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты