- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығына арналған кепілдендірілген несие бойынша ең жоғарғы сома 18 миллион теңгені құрайды
Ауыл шаруашылығына арналған кепілдендірілген несие бойынша ең жоғарғы сома 18 миллион теңгені құрайды
«ҚазАгроКепіл» АҚ бағдарламаның кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша, шағын несиелерді мен несиелерді кепілдендіру бөлігі бойынша жұмыс жасайды. Бағдарлама шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесін ашуға, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті кеңейтуге бағытталған.
«Жоғарыда аталған бағдарлама аясында кез-келген кәсіпкер ауылдық жерлерде және шағын қалаларда «Аграрлық несие корпорациясы» қорландыратын кредиттік серіктестіктерден және МҚҰ-нан несие ала алады. Кепіл жетіспеген жағдайда, кәсіпкер кепілдікті «ҚазАгроКепіл» АҚ-нан алуына болады»,-дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаментінің басқарма басшысы Ерлан Ильясов.
Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және оның мүшелері қатыса алады.
«Бағдарлама бойынша кепілдендірілетін несиенің ең жоғарғы сомасы-18 млн. теңгеге дейін. Кепілдік тек 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап КС/МҚҰ берген несиелер бойынша табысталады. Несиелендіру немесе кепілдендіру мерзімі – 5 жыл. Мал шаруашылығы және АШӨК ашу саласында - 7 жыл. Кепілдендіруге соңғы қарыз алушы үшін жылдық үстемесі 6% бойынша берілген несиелер жатады»,- дейді «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қазбек Иманқұлов.
Кепілдік мөлшері әр түрлі. Жұмыс істеп тұрған бизнес үшін несие сомасының 50% -ына дейін жабылады. Жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерге несие сомасының 15%-ын жабатын кепілдігі болса жеткілікті. Қалған 85% «ҚазАгроКепіл» АҚ жауапкершілікке алады.
«Келесі жылы кепілдендіру өтініштерін 750 бірлікке, ал 2019 жылы - 760-қа дейін ұлғайту күтілуде. Яғни, үш жылдың ішінде 1800-ге жуық фермерлер өз ісін дамытуға біздің кепілдік арқылы несие ала алады»,-деді «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақаев.
Есбол Социалхан
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді