- Басты
- Жаңалықтар
- Шаруаларға берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 970 млн теңгені құрады
Шаруаларға берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 970 млн теңгені құрады
«2017 жылы «ҚазАгроКепіл» АҚ АӨК-тің дамуына зор үлес қосты. Қазақстандық шаруалар үшін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін және ауыл бизнесін тұрақты, қарқынды дамытатын жаңа ыңғайлы қолдау құралдары пайда болды»,-дейді «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақаев.
2016 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.
«ҚазАгроКепіл» АҚ бағдарламаның кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша, шағын несиелерді мен несиелерді кепілдендіру бөлігі бойынша жұмыс жасайды. Бағдарлама шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесін ашуға, сондай-ақ қолданыстағы бизнесті кеңейтуге бағытталған.
«Көптеген шаруалар несие алу кезінде кепіл қою жетіспеушілігі мәселелеріне тап болатыны белгілі. Нарықта ауыл мүлкінің төлем өтімділігі төмен болуы шаруаларға қажетті қаражатты алуға мүмкіндік бермейді. Мемлекет, шаруалардың мәселелерін түсіне отырып, оларға қол ұшын созды және дәл бүгін оларда бюджет қаражаты есебінен кепілдік алу мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда, кепілдендіру құралдарын 183 шаруа пайдаланды. Ерекше атап өтетін бір жайт кепілдік алғандардың 44%-ы кәсібін жаңадан бастаушылар. Ал кепілдік алуға өтініш берген жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үлесі - 32%, яғни 58 шаруа»-деді брифинге қатысқан «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қазбек Иманқұлов.
Есбол Социалхан
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
ҚМ: Жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеді -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар