- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: «Жетібай-Жаңаөзен» автожолы қайта жаңартылады
ИИДМБ: «Жетібай-Жаңаөзен» автожолы қайта жаңартылады
Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов «Жетібай-Жаңаөзен» автожолын қайта жаңарту жұмысына қатысты. Жолдың ұзындығы 73 шақырымды құрайды. Жалпы құны 25 млрд.теңгені құрайтын жобаға Азия Даму Банкісі қаражат бөлуде.
«Сондықтан осы нысанның жүзеге асырылуына атсалысқан барлық азаматтарға алғысымды айтамын. Міне, қазір сол ірі жобаның жалғасы ретінде Жетібай мен Жаңаөзеннің арасындағы жолдың бастамасын бастағалы тұрмыз. Бұл жәй ғана бастама емес, бұл алдымен адамдардың қауіпсіздігі. Қазір Ақтау мен Жетібай, Жетібай мен Шетпе арасындағы автожолда жол апаты бірнеше пайызға дейін төмендеген. Яғни, жолдың сапасы халықтың өмірін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Екіншіден, жолдың бойында кәсіпкерлер кәсібін жүргізе алады. Үшіншіден, қаншама азамат жұмыспен қамтылды. Мына құрылыс жұмыстарына 600 адам тартылды. Қазақстанның тарихында алғаш рет Батыс Қытай мен Батыс Еуропа арасын жалғастыруға мүмкіндік туды. Соның жолы ашылды. Елбасының үлкен бастамасының алғашқы сатысы жүзеге асты. Қазақстан - Еуразиялық көліктік-логистикалық хабқа айналатын күн алыс емес қой деп ойлаймын»,- деді Ералы Тоғжанов.
Айта кетейік, 1-учаске бойынша жолдың 35 шақырымына дейін жөндеу жұмыстарын «Ақ жол құрылыс» ЖШС мен «Аккорд» АҚ жүргізеді, ал әрі қарай 2-учаске бойынша 73 шақырымға дейін «Дженгиз Иншаат» АФ АҚ жұмыс жасайды.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек -
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды -
Мәслихаттардағы партиялық тізімдер 60%-ға жаңартылады – Бауыржан Байбек -
Жұмыспен қамту: Қайтарымсыз грант алу, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары