- Басты
- Жаңалықтар
- Елдегі гидротехникалық құрылыстарды зерттеу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді
Елдегі гидротехникалық құрылыстарды зерттеу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді
Қазіргі таңда республикада қолданыста 1665 гидротехникалық құрылыстар бар, олардың көбінің пайдалану мерзімі 25 жылдан асады (97 %).
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олар, жай-күйіне, беріктігіне, орнылықтылығына және пайдалану сенімділігіне қарамастан көпфакторлы зерттеп-қарауға жатады. Бірақ, осы іс-шараларды жүргізуге арналған Бірыңғай әдістеме жоқ. Алдын алу шараларын, соның ішінде, бірінші кезекте гидротехникалық құрылыстар көпфакторлы зерттеп-қарау өткізбеу, апаттық нәтижеге әкеліп соқтырады, мысалы - Көкпекті су қоймасы бөгетінің бұзылуы (2014 жылғы 31 - наурыз).Көкпекті кентінің 100-ден аса үйлерін су басты. Бөгеттің бұзылуынан келген шығын 1,4 млрд. теңгеге бағаланды», - деді вице-министр.
Өз кезегінде, гидротехникалық құрылыстады уақтылы зерттеп-қарау, оның техникалық жай-күйін бағалау арқылы және уақтылы іс-шаралар қабылдау арқылы мемлекеттің бұл шығынды өтеуін көпфакторлы зерттеп-қарау жүргізуге кететін шығынның көлеміне дейін азайтуға болар еді.
«Осыған орай, су шаруашылығы жүйелеріне зерттеп-қарау өткізуге қойылатын бірыңғай талаптар қарастырылған. Су шаруашылығы жүйелері мен ғимараттарына көпфакторлы зерттеп-қарау өткізудің қағидасын әзірлеу мен бекіту Заңжобасымен қарастырылған», - деді Қ.Айтуғанов.
Ұсынылып отырған өзгерістер мен іс-шаралар су шаруашылығы инфроқұрылымының қазіргі техникалық жай-күйін бағалауға, олардың қалдық ресурсын анықтауға мүмкіндік береді.
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шегінде 2021 жылға дейін республикалық меншікке жататын 182 гидротехникалық құрылыстарға көпфакторлы зерттеп-өткізу үшін 1,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінді», - деді вице-министр.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы таныстырылды.
Ақбота Күзекбай
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді