- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан адами капиталды арттыру мүмкіндігін көреді – Д.Мыңбай
Қазақстандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан адами капиталды арттыру мүмкіндігін көреді – Д.Мыңбай
Д.Мыңбай айтып өткендей, Еуразиялық интеграция институты жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі халықтың негізгі бөлімі «Рухани жаңғырудан» ұлттың адами капиталын сапалы түрде арттыру мүмкіндігін көретіндігін байқатты.
«Халықтың 27 пайызы рухани жаңғыруды жаңа дәуір талабына сәйкес, ойлау өрісінің өзгеруі деп қабылдайды. Тағы 27 пайызы адамдардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру факторы ретінде қарастырады, оның ішінде жастар басым болып отыр. Ал, 18 пайызы халықтың білім деңгейінің сапасы жақсарады деп қарастырады. 15 пайызы рухани жаңғыру Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы білімді кеңейтеді деп түсінеді», - деді Д.Мыңбай.
Ол айтып өткендей, рухани жаңғыру – жалпыны қамту міндеті, қоғамның көзқарасы мен менталитетін өзгертуге бағытталған жүйе. Оны жүзеге асыру әрбір азаматтың рухани жаңғыруына әкелуге мүмкіндік береді.
«Үшінші жаңғыру, конституциялық реформа, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру қоғамдық келісім кеңестерін дамыту институттарын дамыту бойынша бірқатар әлеуеттік шараларды қажет етеді. Қоғамдық келісім кеңестері Ассамблеяның ауылдық округтер мен жеке кәсіпкерлермен жұмысындағы негізгі өзек болып табылады. Бұл жауапкершіліктің жоғарғы деңгейі, сондықтан да Тәуелсіздік күні қарсаңында барша қоғадық келісім кеңестерінің мүшелерін алдағы мерекемен құттықтаймын. Зор денсаулық, отбасыларына береке, табыс тілеймін», - деді Д.Мыңбай.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтіп жатыр.
Қайрат Жандыбаев
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды