- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 10 отандық фильмнің тұсауы кесілді
Алматыда 10 отандық фильмнің тұсауы кесілді
Мәдени іс-шараға Қазақстанның белгілі киногерлері режиссер Сатыбалды Нарымбетов, кинодраматург Нұрлан Санжар, деректі киносүйер қауым және «Отан неден басталады» фильмінің түсіру тобы қатысты.
Аталмыш деректі фильм аз уақыт ішінде құлдырауды еңсеріп, Қазақстанның табысты ауылшаруашылық кәсіпорынына айналған Ақмола облысындағы Родина атты ауылы және сол жетістікке қол жеткізген Иван Сауэр туралы баяндайды.
«Родина ауылының феноменіне қатысты көршілес ауыл тұрғындары мен тіпті астаналықтар олардың жетістіктерін қызғанатындарын байқадық. Осы ауыл туралы түрлі жағымсыз пікірлер айтып, жүргендеріне қарағанда, олар Иван Сауэрдың 30 жылда жүріп өткен қиын жолы туралы мүлдем бейхабар екенін түсіндік. Өкінішке қарай, уақыттың тығыздығына байланысты авторлық ойларымды толығымен іске асыра алмадым. Алайда, осы фильм арқылы мен режиссер-документалист ретінде бар қарымымды көрсете алдым деп ойлаймын. Фильм арқылы түсінгенім, Иван Сауэр сияқты 10 шақты адам болса, Қазақстанның ауылшаруашылық өндірісін аяққа тұрғызуға болатынына көз жеткіздім. Мен фильмнің кейіпкері туралы оның сөздерімен, оның жер-ана туралы ойлары арқылы көрсеткім келді», - деді фильмнің режиссері Еркебұлан Бектұров.
«Қазақ деректі киносы күндері» аясында «Қазақфильм» киностудиясы негізінде биыл түсірілген фильмдердің көрсетілімі өтті. Фильмдері көрсетілген авторлар арасында еліміздің танымал документалист-режиссерлері мен қатар жас кинематографистер де бар. Фильмдерді тамашалауға 3 мыңға жуық көрермен келген.
Шараны Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностдиясы мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры ұйымдастырды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде