Павлодар облысы Аққу ауылының тұрғындары саябақты абаттандырды

6 Желтоқсан, 2017 20:39
Бастамашыл топ Павлодар облысындағы Аққу ауылының тұрғындарын бос уақытты тиімді өткізуді саябақты аббатандыру арқылы қамтамасыз етті.

Жұмыс саябақ орнату, балалар алаңы жанында гүлзарлар егу, және тұрақты жұмыс тәртібі мен жұмыс орындарын құру, үй маңындағы шаруашылықты күтуді қамтыды. Жобаның бюджеті 1 млн.теңге демеушілік қаражаттан тұрады.

«Жобаны іске асыру бірнеше кезеңдерден тұрды: балалар алаңына аумақты анықтау; қажетті материалдарды сатып алу (көшеттер, тұқымдар, гумслой, металлопрокат, пиломатериал, цемент, құм, су, электр жабдықтары);  металлды қоршауды жасау және орнату(орындықтар, қоқыс жәшігі, шарбақтың есігі)», - дейді ұйымдастырушылар.

Жастар бастамалары тобының көшбасшысы Гарифолла Айтолқын және оның командасы балалар алаңын, саябақ орнатты. Сонымен қатар жоба авторлары ағаштар, гүлзарлар отырғызып, Аққу ауылындағы балалар алаңын аббаттандыру жұмыстарын жүргізді.

 

Барлық жаңалықтар