- Басты
- Жаңалықтар
- Қоғамдық ұйым мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында пікір алмасты
Қоғамдық ұйым мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында пікір алмасты
Іс-шарада Мемлекет басшысының мақаласында көрсетілген «Қазақ тілін латын әліпбиіне қайтару», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық», «Туған жер», «Әлемдік деңгейдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім» атты бағыттар қамтылды.
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан кейін қоғамдық көзқараста жалпы толқын пайда болды. Елдегі тың өзгеріске Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі де өз үлесін қосып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өзінің кіші бағдарламаларын ұсынды»,-дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өкілі Гүлзейнеп Пазылова.
Оның айтуынша Министрлік «Туған жер» бағдарламасы аясында «атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асырып отыр. Бағдарлама негізінде азаматтық белсенділерді де қатарға тартып, олардың қоғамға өз пайдасын тигізуіне мүмкіндік беріледі. Бағдарламада қарастырылған «әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» деп аталатын екі базалық бағыт жергілікті өңірлерде туып-өскен белгілі азаматтар мен шетелде білім алған, немесе қызмет атқарып жатқан аймақтық тұлғаларды халыққа таныстыру, үгіттеуді мақсат еткен.
Қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы латын әліпбиіне көшу жұмыстары туралы айта келіп, бұл шешімнің ұзақ күткен аса маңызды бұрылыс екенін атап өтті.
«Әр бір ұлттың аты аталғанда сол ұлтты еске түсіретіндей өзінің әрпі болуы керек. Ол бізде де болған. Біз бір нәрсені жақсы түсінуіміз керек, біз латынға өтіп жатқамыз жоқ, латынға оралып жатырмыз. Аталған мақалада: «біз қуатты, жауапкершілігі жоғары, бір тұтас ұлт болуымыз керек» деген сөз бар. Біртұтас ұлт болу – ол қазақ ұлтының маңына ұйысу. Біз қазір көрші елдің тілін дамытып отырмыз. Көрші елдің өкілі секілдіміз. Әлемде 2000 мыңға жуық белсенді қолданыстағы тіл бар. Қазақ тілі алғаш Тәуелсіздік алған кезде 174-орында болатын, қазір 70-орында. Сол жылдардан бергі жасалған мемлкеттік тілдегі кітап, кино, мәдениет барлығы тілімізді дамытуға қызмет етті»,- деді ол.
Бұдан бөлек дөңгелек үстелге «100 жаңа есім» қатарына кірген Нұрлан Жолдыбалинов қатысып, өзінің әсерлерімен бөлісті. Азаматтық белсенді, «Әлеумет тынысы» журналының бас редакторы Қамажан Жұмақасова ұлтымыздың қыз бала тәрбиесі жөніндегі ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, Елбасының аталған мақаласын халыққа түсіндіру және шынайы жүзеге асыруға арналған әр түрлі ұсыныстар мен көзқарастар талқыланды.
Есбол Социалхан
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді