- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күніне бірауыздан қолдау көрсетті
БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күніне бірауыздан қолдау көрсетті
29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күні ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясымен 2009 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстанның бастамасымен бекітілген болатын. 1991 жылы дәл осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен әлемдегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы саналған Семей полигонын жапты.
2010 жылдан бастап, осы күн әлемдік деңгейде кеңінен аталып, ал БҰҰ қабырғасында жыл сайын Бас Ассамблея Президентінің төрағалығымен тиісті бейресми отырыс өткізіліп отырды. Мұндай жыл сайынғы шолулар Ассамблея Президентімен оларды ұйымдастыруға қажетті мандатсыз жүргізіліп келді.
«Сол себепті Қазақстан тиісті мандатты қосу үшін осы жолы қарарға арнайы тармақ қосу туралы бастама көтеріп, онда Бас Ассамблея «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күнін атап өту және ілгерілету мақсатында Ассамблея Президентінен жыл сайынғы жоғары деңгейдегі пленарлық отырыс ұйымдастырып отыруды сұрайды», - деп хабарлады ведомство.
БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тиісті тармақты қосуға бірауыздан қолдау көрсетіп, осылайша ядролық сынақтарға толық тыйым салу үшін Халықаралық күннің өзектілігі туралы ұстанымдарының ортақтығын танытты. Осы әрекетімен дүниежүзілік қауымдастық бұл күннің ядролық сынақтар құрбандарына тағзым ету және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікке төніп отырған орасан қауіп туралы адамзаттың есіне салу тұрғысынан маңыздылығын айшықтап өтті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет