Атырау облысының кеденшілері 2013 жылы жоспарды артығымен орындады

17 Қаңтар, 2014 11:25
Атырау облыстық кедендік бақылау департаменті 2013 жылы бюджетке 275 млрд 887 млн 695 мың теңге кіріс кіргізіп, жылдық жоспардың 104,82%-ын орындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында жоспарланған тапсырма 263 млрд 208 млн 151 мың теңге болса, жыл қорытындысында аталмыш көрсеткіш 275 млрд 887 млн 695 мың теңгені құрап, жоспардан 104,82% артық көрсеткішке жеткен», - делінген хабарламада.

2012 жылдың осы уақыт аралығында бюджетке кіріс көлемі 2013 жылдың қорытындысына 63 млрд 716 млн 597 мың теңге аз болған, яғни 30% кем.      

Айта кету керек, Кедендік бақылаудың 16 аймақтық департаменті арасында бюджетке кіріс әкелген көрсеткіш бойынша Атырау облысы алда тұр. Осыған орай облыс департаментінің жалпы облыстардың ішіндегі үлес салмағы 20,6% құрайды.

 

 

Барлық жаңалықтар