- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандының Румынияда туыстас қаласы пайда болды
Қарағандының Румынияда туыстас қаласы пайда болды
Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы Құдайбарген Бексұлтанов пен қала әкімінің орынбасары Асылбек Молдабаев бастаған қарағандылық делегация 23-25 қарашада Клуж-Напока қаласында болып қайтты. Делегация мүшелері жергілікті муниципалдық және аймақтық билік өкілдерімен кездесті.
Клуж-Напока қаласының мэрі Эмиль Бокпен кездесу барысында екі қала басшылары өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық танытатынын жеткізді. Екі жақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара қарым-қатынастың әлеуеті жоғары екенін талқылады. Әсіресе Қарағандыда «Дачия» румындық мәдени қоғамның және Қарағанды университетінде Орталық Азиядағы жалғыз румын тілі және әдебиеті кафедрасының барын ескерген жөн.
Қарағандылықтар сонымен қатар Трансильванияның бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесіп, екі аймақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Делегацияны ақпараттық технологиялар саласындағы румындық компаниялардың жаңа зерттемелерімен таныстырды.
Кездесулер нәтижесінде қазақстан-румын серіктестігі тарихында алғаш рет Қарағанды мен Клуж-Напока қалалары арасында туыстық туралы келісімге қол қойылды.
Сонымен қатар сапар аясында Қарағанды делегациясы Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылу салтанатына және бірінші Қазақ киносы фестиваліне қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика