- Басты
- Жаңалықтар
- Жалпыұлттық телекөпірде сүт зауыты мен құс фабрикасы іске қосылды
Жалпыұлттық телекөпірде сүт зауыты мен құс фабрикасы іске қосылды
Сонымен, тамақ өнеркәсібінде және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша Солтүстік Қазақстан облысындағы «Маслодел» ЖШС «Тетра Пак» ЖШС жоғары технологиялық қондырғылармен жабдықталған сүт зауытын ашты.
«Біз жаңа отандық сүт зауытын іске қосып отырмыз. Мұнда алдыңғы қатарлы технологиялар орнатылған, бұл дегеніңіз шығынды азайту және бәсекеге қабілетті өнім. Біз ЕАЭО нарығындағы өзіміздің үлесіміз үшін күресуге дайынбыз», - деді «Маслодел»ЖШС бас директоры.
Ал, Шығыс Қазақстан облысында «Восток-Молоко» ЖШС жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған сүт кешені модернизацияланды.
«Біздің өндіріс сіздің индустрияландыру бағдарламаңыздың нәтижесі. 245 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бүгінде 70 түрлі сүт өнімдерін экспорттауды көздеп отырмыз», - деп атап өтті «Восток-Сүт»ЖШС.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық Агро» ЖШС-да жаңа құс фабрикасы іске қосылды.
Өз кезегінде, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің аграрлық сала отандық экономиканың негізіне айналуы керек деп атап өтті.
«Әлемде тамақ жемейтін адам жоқ. Жыл санап халық саны артуда және олардың талабы да артуда. Сондықтанда біз өз өнімімізді өңдемей кеңейе алмаймыз. Біз және біздің аграрлық мүмкіндіктеріміз, осы біздің болашақ мүмкіндіктеріміз. Аграрлық кешен арқылы егер бүкіл әлемде жасалынып жатқандай өңдейтін болсақ қатты дамимыз. Мәселен, Ресейде егін түсімі өте жақсы болды, нәтижесінде бізде баға төмендеп кетті. Ал, дайын өнімнің бағасы төмендеген жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі өтті. Онлайн режимінде бүкіл ел бойынша жаңа индустриалды-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық, агроөнеркәсіптік жобалар іске қосылды.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады