- Басты
- Жаңалықтар
- В. Лоссерталес: ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтуі ҚР Президентінің жеке қолдауының нәтижесінде жүзеге асты
В. Лоссерталес: ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтуі ҚР Президентінің жеке қолдауының нәтижесінде жүзеге асты
ХКБ басшысы Мемлекет басшысына Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізгені үшін алғыс білдірді және қатысушы елдер ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалағанын атап өтті.
«Қатысушы елдер ЭКСПО көрмесі елеулі іс-шара және тарихтағы ең табысты мамандандырылған көрме болғандығы туралы пікірлерін білдіруде. Бұл алдағы мамандандырылған ЭКСПО көрмелерін дамытуға ықпал ететініне сенімдімін. Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтуі сіздің жеке қолдауыңыз және аталған тамаша жобаны жүзеге асыруға белсенді қатысуыңыздың нәтижесінде қол жеткізілді», - делінген хатта.
Висенте Лоссерталес ҚР Үкіметі, Ахметжан Есімовтің басшылығымен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы көрме инфрақұрылымының дайын болуын қамтамасыз ету үшін барынша күш салғандығын сондай-ақ барлық халықаралық қатысушылар қазақ халқының ерекше қонақжайлығын сезінгенін атап өтті.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының «Достық» орденімен марапаттап көрсеткен құрметіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Осы шешім туралы хабардар болғанда ерекше сезімде болдым және Қазақстанмен алты жыл бойы тығыз қарым-қатынаста болу қызмет жолымда ең құнды тәжірибе болғандығын атап өткім келеді. Қазақстан халқына және бүкіл әлемге арналған ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасымен танысу және Көрме аумағын көру үшін Астана қаласына бару мүмкіндігі болады деп сенемін», - деп атап өтті ХКБ басшысы.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция