- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да салық түсімі 251 млрд теңгені құрады
ОҚО-да салық түсімі 251 млрд теңгені құрады
Белгіленген жоспар 245 млрд. теңге болса, бюджетке нақты 251 млрд. теңге өндірілген. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбеталиев мәлімдеді.
Департамент басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсу қарқыны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір артып келеді.
«Республикалық бюджетке межеленген жоспар 151 млрд. теңге болса, ол 101 пайызға орындалып, 152 млрд. теңгені құрады. Ал, жергілікті бюджет бойынша, 94 млрд. теңге жоспарланса, нақты 99 млрд. теңге өндірілді. Нәтижесінде жоспар 106 пайызға орындалып, жергілікті бюджет қоржынына артығымен 5 млрд. теңгенің қаржысы түсті», - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Сонымен қатар, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 216 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс атқарып келеді. Осы субъектілерден ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд. теңге көлемінде салық түскен.
Елбасы тапсырмасына орай, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан салықтық тексерулер саны 2017 жылы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 пайызға кеміген. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 айында кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 100 пайызға орындалып, 51 млрд. теңгені құрап отыр.
Бұдан бөлек, облыстың сыртқы тауар айналымы ағымдағы жылдың осы кезеңінде 1 млрд. 438 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде тауар экспорты 5 пайызға, ал тауар импорты 36 пайызға көбейген.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді