- Басты
- Жаңалықтар
- Каспий жағалауы мемлекеттерінің СІМ басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы жобаны келістірді
Каспий жағалауы мемлекеттерінің СІМ басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы жобаны келістірді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы хабарлағандай, тараптар каспий проблематикасы күн тәртібінің бірқатар маңызды мәселелерін, соның ішінде Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауын бөлу, аумақтық және iшкi суларда жүзу режимi, Каспий теңiзiнің түбiмен суасты құбырларды жүргізу, теңіздер мен әлем мұхитына еркін қол жеткізуіне қатысты, тағы басқаларды да қарастырды.
Мәжілістің басты қорытындысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясының жобасы бойынша барлық негізгі мәселелердің келісілгені болып табылды.
Жуық арада сарапшылар 2018 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша Қазақстанда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттер басшыларының саммиті барысында қол қою үшін Конвенцияның жобасын дайындау бойынша техникалық жұмыстарды жүргізеді.
Каспий теңізінің мәртебесін реттеу және халықаралық саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың құқықтық режимін құру Каспий өңірінің саяси тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету, оның табиғи байлықтарын сақтап арттыру және бірегей географиялық жағдайын пайдалану мәнмәтініндегі маңызды стратегиялық мәселе болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан басшысы ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес ҚР және оның көршілерінің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді қолданудың жаңа болашағы ашылады.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий жағалауы мемлекеттерінің ынтымақтастығына мол назар бөледі. Ол алдымызға қойған басымдықтарының бірі – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция бойынша келісімге қол жеткізу. Конвенция өзінше «Каспий теңізінің конституциясы» болып, Каспий жағалауы мемлекеттерінің ынтымақтастығына жаңа серпін береді және аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеудің кепілгері болады деп сенемін», – деп атап өтті Қ. Әбдірахманов.
Конвенция бойынша жұмыс 20 жылдан астам жүргізілді. Құжаттың жобасында Каспий теңізіндегі тараптар қызметінің негізін қалайтын қағидаттар, теңіз айдыны мен ұлттық түбтік секторларды айыру, әскери ынтымақтастық және биологиялық ресурстарды, теңіз түбі мен жер қойнауын, жүзуді, қоршаған ортаны қорғауды, теңіз ғылыми зерттеулерді игеруіне байланысты шаруашылық-экономикалық ынтымақтастықты іске асыру мәселелері белгіленеді.
Қазақстанда өтетін саммиттің барысында қол қою үшін 2010 жылғы Каспий теңізінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісіміне хаттамалар жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні сұғанақтыққа қарсы күрес, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризм, ұйымдасқан қылмыстық пен есірткі заттар айналымына қарсы күрес бойынша хаттамалардың жобалары әзірленген.
Каспий аймағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тараптар Каспий теңізінің ортасын қорғау туралы нобайлы конвенцияға хаттама, сонымен қатар Трансшекаралық мәнмәтіндегі қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау бойынша хаттама жобаларын әзірлеуде.
Каспий жағалауы барлық мемлекеттердің күш-жігерлері Каспий аймағында бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылықты және тұрақты экономикалық, экологиялық, мәдени-гуманитарлық даму және ынтмақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады