- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі бірқатар кездесулер өткізді
ҚР Премьер-Министрі бірқатар кездесулер өткізді
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шанхай қор биржасының атқарушы вице-президенті Лию Шатонгпен және NASDAQ вице-президенті Мейер Фручероммен кездесті.
Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы («Астана» ХҚО) биржасын ынталандыра отырып, Қазақстан мен өңірлердің капитал нарығын дамыту аясында Шанхай қор биржасы және NASDAQ компаниясымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
«Астана» ХҚО негізгі қаржы инфрақұрылымы болуы тиіс биржалық қызметі негізінде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына жан бітіріп және оларды халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ететін болады.
Кездесуге қатысушылардың пікіріне қарағанда, «Астана» ХҚО әлемде көп бағыттық маңызды және ықпалды қарым-қатынастардың бірі болып табылатын «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеу» бастамаларын іске асыру аясында басым рөлдерді атқаратын болады.
Сондай-ақ, кездесуде NASDAQ компаниясының инвесторлардың тартымды қаржылық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржы нарығын дамыту бағыттарына озық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстары қаралды.
Сондай-ақ, «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы аясында Премьер-Министр Railways KEC International Ltd. Компаниясының атқарушы директоры Ракеш Гаурмен, Mitsui & Co. Компаниясының бас директоры Тошиаки Маруока, Kibar Holding бас директоры мен басқарма мүшесі Керем Кибармен, «Ресей темір жолы» ААҚ вице-президенті Александр Мишаринмен кездесті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар