Астанада үздік отандық тауар өндірушілер марапатталады

6 Желтоқсан, 2017 09:11
Астанада Индустриаландыру күні аясында «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтіп жатыр.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы,  «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауы мен «Парыз-2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау  Индустриаландыру күні аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді.

Айта кетейік, «Алтын сапа»  байқауына  биыл 101 компания үміткер.  «Қазқастаннң үздік тауары»  байқауына  144 кәсіпкерлік қатысты.

Айта кетейік, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы  қызмет көрсету немесе өнім шығару саласында айтарлықтай жетістікке жеткен кәсіпорындарға беріледі.

Өз кезегінде,  «Қазақстанның үздік тауары» көрме байқауының жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталады: «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар», «Халық үшін ең үздік тауарлар»  және «Үздік азық-түлік тауары».

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Индустриаландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір өтеді. Онлайн режимде  18 кәсіпкерлікті қосы жоспарланған. Сондай-ақ,  2017 жылғы индустриалды-инновациялық даму қорытындысы шығарылады.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар