- Басты
- Жаңалықтар
- Жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ жұмысын қортындылады
Жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ жұмысын қортындылады
Жиналыс жұмысына Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы, орталық мемлкеттік органдардың басшылығы, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар менг агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері бейне байланыс арқылы қатысты.
Арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топтың мүшелері биылғы жылдың қыркүйек пен қараша айларында Қазақстанның 8 өңіріне – Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарына сапар шеккен.
«Өңірлерде өткен халықпен сұхбат бұл мәселеге қатысты қызмет алушыларға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде барлық себептер жойылды»,-деді Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков.
Сондай-ақ жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі Айгүл Соловьева мемлекеттік органдарда еңбек заңнамасының да дұрыс сақталмайтыны туралы айта келіп, қоғамдағы азаматтарымызды өз азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіруге шақырды.
Жиналыста электрондық кезекті енгізу, қызметті өзгерту, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру, көші-қон сақшысы, Қазпочта және ХҚКО қызметкерлерінің жұмыс кестелерін үйлестіру, азаматтарға қызмет көрсету кезінде эксаумақтық принсипті енгізу, барлық деңгейдегі әкімдердің қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысын жақсартуға қызығушылығы мен өзара іс-әрекеттің күшеюі, «делдалдар» мен жеке мүдделерді қолдауды жою бойынша барлық өңірлерде жұмыстар атқарылғаны айтылып өтті.
Сонымен қатар, қоғам өкілдері 2018 жылдың басында Елбасыға енгізілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманың мазмұны мен құрылымы туралы талқылады.
Есбол Социалхан
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды