- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық инвестициялық форумда қандай келісімшарттар жасалды
Қазақстандық инвестициялық форумда қандай келісімшарттар жасалды
Шара барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің бизнеске ең жақсы жағдайларды жасау туралы шешімін нақтырақ айтып өтті. Бұл:Мемлекеттік органдардың инвесторларға ұсынылатын консультациялық қызметтерін күшейту – сұрау бойынша жауап 10 жұмыс күні ішінде ағылшын тілінде беріледі.2020 жылдан бастап шетелдік инвесторларға мемлекеттік қызметтер ағылшын тілінде ұсынылатын болады. Инвесторлар үшін барлық негізгі нормативтік-құқықтық актілер Әділет министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің веб-сайттарында және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының сайтында ағылшын тілінде жарияланады. Шетелдік инвесторларға елге кіруге жағдай жасау — электрондық виза енгізу, шекарадан өту, көші-қон есебіне алу мен қауіпсіздік мәселелері жақсартылады.
Сонымен қатар, «Қазақстанның өндірістік-экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымына жеке инвестициялар» тақырыбына арналған панельдік пікірталас кезінде Еуропа мен Азияны байланыстыратын ел ретінде Қазақстанның транзиттік әлеуеті мәселелері талқыланды.
Kazakhstan Global Investment roundtable қорытындылары бойынша жалпы сомасы $3 млрд-тан астам сомаға 11 келісім мен меморандумға қол қойылды.
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жобасы бойынша консорциуммен келіссөздер жүргізу қорытындысының хаттамасы;«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының учаскесінде «Нұр жолы» автомобиль өткізу бекетін құру бойынша МЖӘ жобасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандум;«Алматы облысында Агроиндустриалдық кешен құрылысы мен Жамбыл облысында сүт-тауар фермасының құрылысы» жобасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандум;«Өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру» жобасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандум;«Жемістерді өңдеу зауытының құрылысы» жобасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандум;«Ет өндіру және өңдеу индустриалды кешенінің құрылысы» жобасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандум;«Жоғары сапалы әк өндіру зауытының құрылысы» жобасы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандум;Aina Holdings B.V. бірыңғай холдингтік компаниясын құру туралы Ниет және «Айна» сүт фабрикасы» ЖШС қатысу үлесін алу туралы Хаттама;Кальцийлендірілген сода өндіру жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;«Керамика плиталарын өндіру» жобасы бойынша инвестициялық келісім;«Газ поршень электр станциясының құрылысы» жобасы бойынша Бірлескен Кәсіпорын туралы Келісім.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі