- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістанда тутұғыр орнатылды (ФОТО)
Түркістанда тутұғыр орнатылды (ФОТО)
Ту тұғырдың биіктігі - 62,5 метрді құрайды. Ал, байрақтың ені 12 метр болса, ұзындығы 24 метр. Азаматтардың туған жерге және оның рәміздеріне деген құрметті арттыру, патриоттық рухын ояту мақсатында салынған алаңның салтанатты ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.
«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тəуелсіздік - Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі – рəміздеріміз бар. Оның біріншісі - Елтаңба, екіншісі-Əнұран, үшіншісі - Көк байрақ, төртіншісі - қазақ тілі» деген сөзі бар. Сондықтан Егеменді еліміздің қасиетті нышандарын қадірлеу – Қазақстанды – Отаным деп есептейтін әрбір азаматтың парызы деп есептеймін. Рәміздер - біздің ұлттық арымыз бен намысымыз. Ендеше бүгінгі ашылып отырған «Рәміздер алаңына» құрметпен қарап, намысымызды қорғай білейік дегім келеді», - деді облыс әкімі.
Бекзат Саттарханов даңғылының бойында салынған алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері көрініс тапқан және елдік мұратты меңзеген Елбасы мен қазақ елі қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылған арнайы тас тақталар сап түзеген. Нысанның құрылысын «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-і жүргізген. Рәміздер алаңын салуға жергілікті бюджеттен 230 миллион теңге көлемінде қаржы бөлініп, сол ақша толығымен игеріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Онда түрлі кіші архитектуралық формалар мен су бұрқағы, беседкалар, орындықтар, урналар, газондар мен гүл клумбалары орнатылып, декоративті ағаштар отырғызылған.
-
Қазақстан жолдарында 100 мыңнан астам жол белгісі орнатылды -
Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды -
Түркістанда 3 автобекеттің қызметі тоқтатылды -
Түркістанда ауыл шаруашылығы техникасын жинау жобасы жүзеге асырылып жатыр -
Түркістанда ҰБТ-ға 18 634 түлек қатысады -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Түркістанда аудан әкімдері «адал көмек» жобасы аясында кеңес беріп жатыр -
Түркістанда екі отбасына табиғи газды тегін қосып берді -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
Түркістанда мұқтаж жандарға көмек көрсетілді