- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды
Алматы облысында мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды
«100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» 9 қадамында «Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру» деп көрсетілген.
Ережеге сәйкес орта есеппен алғанда мемлекеттік мекемелердің қызметшілерінің 30% пайызы оқуға жіберілуі тиіс (әр мемлекеттік қызметші үш жыл сайын кәсіби шеберлігін арттыруы тиіс).
Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 8036. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 4301, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны - 3735.
Аталған филиал әділет органында тіркеуден өтіп, конкурстық негізде Алматы облыстық филиалының директоры болып Шакишев Қазбек Данағұлұлы тағайындалып, кадр құрамы қалыптастырылды.
Осы уақытқа дейін облыстың мемлекеттік қызметшілері Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында өткізілді.
Академия филиалы Талдықорған қаласындағы және облыс орталығына жақын орналасқан аудандар мен елді-мекендердегі мемлекеттік қызметшілерге төленетін іссапар шығындары үнемдеу мүмкіндігін туғызады. Бірқатар аудандар мен ауылдық округтер Алматы қаласындағы оқыту орталығын санамағанда, облыс орталығынан шалғайда орналасқан. Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің жүріп-тұруы реттеледі.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде