Мәжілісте білім туралы заңға өзгертулер енгізу қаралады

5 Желтоқсан, 2017 15:53
Мәжілістің жалпы отырысында білім туралы заңға өзгертулер енгізу қаралады.

Парламент Мәжілісі хабарлағандай,  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу қаралады.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты  қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

«Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

«Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

«Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (екінші оқылым).

 

Барлық жаңалықтар