- Басты
- Жаңалықтар
- Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды
Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды
Орталықта жоғары санатты заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар, полиция және пробация қызметкерлері түрлі кеңестерін беріп, көмегін көрсетеді. Жаңа орталықтың ашылуымен өңір тұрғындарын облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.
«Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау қызметі жұмысының тиімділігін көрсететін басты көрсеткіштерінің бірі - оның халық үшін ашықтығы және қолжетімді болуы», - деп атап өткен болатын. Сол себепті, бүгін біз өте қажетті шараның ашылуына куә болып отырмыз. Сіздерге бүгіннен бастап құқық қорғау қызметтері орталығы көмек көрсететін болады. Оның жұмысы азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініш-тілектерін жылдам әрі сапалы қарауға, әкімшілік кедергілерді болдырмауға және азаматтардың құқық қорғау, мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті өңір басшысы.
Салтанатты шарада Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев өз сөзінде орталықты ашудың арқасында азаматтарға ең қажетті деген сала мамандары бір ғимаратта отырып, қажетті көмекті көрсететін және бұл қызмет түрі тұтынушылар үшін өте ыңғайлы болатындығын атап өтті. Сондай-ақ осы орталықтың ашылуына қолдау білдіргені үшін облыс басшылығына алғысын білдірген облыс прокуроры, бүгіннен бастап орталыққа жүгінген азаматтар сапалы құқықтық қызметті пайдалануға толықтай мүмкіндігі барын жеткізді.
Жаңа ғимараттың лентасын қию салтанатынан кейін шараға қатысушылар мен қонақтар орталықтың жұмысымен танысып шықты. Мұнда прокурорлар мен ішкі істер департаменті қызметкерлерінің жұмыс кабинеттерінен өзге нотариус, адвокат, медиатор, психолог, әділет және пробация қызметі мамандарының жұмыс кабинеттері қарастырылған. Барлық кеңес беру қызметі - тегін. Сондай-ақ бұл жерде прокурорлар азаматтардың өтініштерін қабылдап, түрлі мәселелердің шешімін табуға бағыт-бағдар беріп, жолын көрсететін болады.
Ескерте кететін болсақ, орталық ғимаратын қалпына келтіру және қажетті арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 47 млн. теңге қаражат бөлінген болатын.
Орталықта халыққа сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, қабырғалары әйнектен тұрғызылған кабинеттер, күтушілерге арналған жайлы күту орындары, аудио және бейне тіркеу құрылғылары орнатылған, келушілерді қажетті ақпараттардан құлағдар ету мақсатында үлкен экрандар орнатылған. Сонымен қатар орталықта бейне байланыс арқылы азаматтардың өтініштерін тиісті органдарға жолдауға арналған кабинеттер де бар.
Орталықпен танысудан кейін облыс әкімі А.Баталов орталық қызметкерлеріне халықтың мүддесі үшін табысты әрі жемісті еңбек етулерін тіледі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері