- Басты
- Жаңалықтар
- Ханойда қазақстандық-вьетнамдық саяси консультациялар өтті
Ханойда қазақстандық-вьетнамдық саяси консультациялар өтті
Консультациялар барысында саяси және сауда-экономикалық салаларда қазақстандық-вьетнамдық қатынастардың қазіргі жағдайы және болашағы талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі шеңберінде, 2017-2018 жылдары БҰҰ және өзге халықаралық ұйымдарда ынтымақтастық және екі ел бастамаларын өзара қолдау мәселелері бойынша пікір алмасу орын алды.
«Осы жылы біз Қазақстан және Вьетнам арасында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтудеміз. Бүгін еліміздің арасындағы қарым-қатынастар барлық салаларда дерлік сәтті және тұрақты дамып келеді. Бұл ретте біздің қатынастарымыздың болашағы үлкен және оларды одан әрі қарқындатуға жақсы мүмкіндіктер бар», - деп атап өтті А. Камалдинов.
Отандық дипломаттың айтуынша, Қазақстан және Вьетнамді мемлекетті құру ісінде де, сыртқы саясатта да ортақ басымдықтар біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасында қандай да бір келіспеушілік жоқ. БҰҰ, АӨСШК, Азия-Еуропа форумын қоса алғанда елдеріміз көпжақты ынтымақтастық шеңберінде ықпалдасып, бір-бірінің бастамаларын өзара қолдап отырады.
Қазақстан СІМ басшысының орынбасары сауда-экономикалық өзара әрекеттесудің бар әлеуетіне назар аудара отырып, 2015 жылы мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісіміне қол қойылғанынан бері елдеріміздің алдында өзара сауданы кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр деп атап өтті.
Консультациялар барысында А. Камалдинов вьетнамдық әріптестерді Қазақстандағы қазіргі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдаймен таныстырып, бүгінде Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біз еліміздің жаһандық тұрғыда бәсекелі елге айналуына қол жеткізуге бағытталған бірқатар түйінді реформаларды іске асыруға кірістік. Мемлекет басшысының бастамасымен үстіміздегі жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке кабілеттілік» атты стратегиялық мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстар басталды, парламенттің рөлін күшейтуге және үкімет дербестігін артыруға бағытталған конституциялық реформа жүзеге асырылды, рухани жаңғыру үдерісі іске қосылды екендігін атап өтті.
Вьетнам делегациясының басшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары Данг Динь Куи Вьетнам үшін Қазақстан ТМД және Орталық Азия өңіріндегі ең маңызды әріптестердің бірі болып табылатынын атап өтті.
Вьетнамдық дипломат екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын жоғары бағалап, қазақстандық-вьетнамдық қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу қажеттігін ерекше атап өтті.
Тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының арасында саяси консультацияларды жалғастыруға екі жақты ықылас білдіріп, СІМ-аралық консультациялар әр түрлі салаларда ықпалдасудың жаңа жолдарын іздеу және табудың, мемлекеттік құрылымдар мен іскерлік топтарға өзара тиімді байланыстарды жолға салуда және белсендіруде қолғабыс көрсетудің пәрменді құрал болып табылатынын атап өтті.
Сол күні А. Камалдинов Вьетнам Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Фам Бинь Миньмен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы 25 жылдық ынтымақтастығы қорытындыланды, жоғары және ең жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстардың қарқынына ризашылық білдірілді, қазақстандық-вьетнамдық қатынастарды нығайту үшін елеулі әлеуетінің бар екені атап өтілді.
Тараптар сауда-экономикалық қатынастардың серпінді дамуын ерекше атап көрсетті. Фам Бинь Миньнің айтуынша, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асырудың жылдық қорытындысы бойынша еліміздің Қазақстанмен сауда айналымының тұрақты өсуі байқалуда. Ол Астана және Ханой осы келісімнің барлық артықшылықтарын пайдалану бойынша мүмкіндіктерді іздестіре алатынына үміт білдіріп, осы бағытта салалық министрліктер мен ведомстволарының жұмысын толық ауқымды белсендіру қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртіптің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасу орын алды. А. Камалдинов сұхбаттасын 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалығы барысында қазақстандық тарап жоспарлаған іс-шаралар туралы хабардар етті
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті