ЕАЭО жақын төрт жылға АӨК өсімінің нүктелерін анықтады

5 Желтоқсан, 2017 13:32
ЕАЭО жақын төрт жылға АӨК өсімінің нүктелерін анықтады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.

Әлеуеті жоғары бағыттар қатырана ет және сүт, құс шаруашылығындағы, бақташылық, қант,  омарташылық және өзгеде салалар бойынша жоғары қосымша құны бар жобалар кірді. Еуразиялық экономикалық одақтың агроөндірістік саясатында алдағы төрт жылда интеграциялық процесстердің одан ары тереңдеуіне және жаңа инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін бірлескен бастамаларға басымдылық беріледі.

2014–2017 жылдарға арналған агроөндірістік саясатты келісу нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 2015 жылы 3%-ға, 2016 жылы 4,5%-ға артты, ағымдағы жылы өсім 3% құрады. Одақта импортты алмастыру процестері жүргізілуде: 2014–2016 жылдары импортталатын азық-түлік өнімдерінің көлемі шамамен екі есе азайды, өзара сауда саттық көлемі артып келеді. Нәтижесінде барлық тауарлар бойынша дерлік өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткіші артуда.

Болжамдар әлем нарығындағы  азық-түлік өнімдеріне сұраныстың тұрақты өсімін көрсетіп отыр. 

Барлық жаңалықтар