- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан бүгінде инвестициялық тұрғыда тартымды болып келеді – Б.Сағынтаев
Қазақстан бүгінде инвестициялық тұрғыда тартымды болып келеді – Б.Сағынтаев
«Соңғы үш жыл бойы біз ауқымды инфрақұрылым құрылысын жүргіздік және негізгі әлемдік нарықтарға шығу үшін қысқаша және экономикалық тиімді көліктік логистикалық «иық» құрдық», - деді Б. Сағынтаев.
Премьер-Министр атап өткендей, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің қазақстандық учаскесін шамамен 3 мың шақырым жолды салып бітірдік, бұл тасымалдау уақытын Қытайдағы Ляньюньган портынан Ресейдің Санкт-Петербургіне дейін 10 күнге дейін қысқартады.
«Бұдан басқа, мың шақырымнан астам теміржол салынды. «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ портын салдық, Ақтау кемежайын кеңейттік. Жаңа құрық порты салынды», - деді министрлер кабинетінің басшысы.
Оның айтуынша, осының барлығы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастайды.
«Біздің стратегиялық мақсатымыз - Қазақстанды Орталық Азияның ірі көлік-логисткалық хабына айналдыру. Таяу 2-3 жылдың ішінде үкімет транзиттік тасымалды 2 млн контейнерге дейін арттыруды және транзиттен түсетін кірісті 5 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қазақстанның барлық көлік-логисткалық инфрақұрылымы мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «Бір белдеу, бір жол» жобаларымен үйлестірілген. Біз инвесторларды көлік пен логистикаға қаржы салуға және бізден бірге кіріс алуға шақырамыз», - деді Б. Сағынтаев.
Қайрат Жандыбаев
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру