• Басты
  • Жаңалықтар
  • Инвестициялық форум аясында 3,5 млрд доллардың келісім шартына қол қою жоспарланған – Ж.Қасымбек

Инвестициялық форум аясында 3,5 млрд доллардың келісім шартына қол қою жоспарланған – Ж.Қасымбек

5 Желтоқсан, 2017 09:31
«Kazakhstan Global Investment roundtable» инвестициялық форумында 12-13 келісімді жүзеге асырып, жалпы сомасы 3,5 млрд доллардан асатын меморандумдарға қол қою жоспарланған. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

 «Біз шетелдік инвесторлармен 12-13 келісімге қол қоямыз. Келісімдердің жалпы сомасы – 3,5 млрд доллардан астам. Қол қойылатын құжаттар әртүрлі саланы қамтиды: ауыл шаруашылығы, тау-кен, көлік және т.б. салалар. Бүгінгі форумға 100-ден астам компания қатысуда», - деді министр.

Министр айтып өткендей,  ауыл шаруашылығы саласында 800 млн долларға келісім жасалады.

 «ҮАТЖ  құрылысы бойынша қорытынды келісім шартқа қол қойылады.  Сондай-ақ, бүгін бірқатар қытай индустриалды жобаларына қол қойылады.Жылдың соңына дейін осы трендті сақтап қалуды жоспарлап отырмыз. Ал келесі жылы міндетті түрде бұл көрсеткішті еселей түсеміз. Бізде «бір терезе» қағидатымен айналысатын ірі «Kazakh Invest» инвестициялық компаниясы құрылды. Жаңа тетіктер пайда болып, жаңа заңнама қабылдадық. Атап айтқанда, біз жаңа Салық кодексін бекіттік. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданады. Биыл  инвестиция өсімі 8-ден 10 пайызға дейін болады деп жоспарлаудамыз. Келесі жылы да осы трендті сақтағымыз келеді», - деді  министр.

Айта кетейік, Астанада  Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Kazakhstan Global Investment roundtable өтіп жатыр.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар