- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Франциядағы қазақ диаспорасы: Рухани жаңғыру» бағдарламасын үлкен жылулықпен қабылдадық
Қазақстанның Франциядағы қазақ диаспорасы: Рухани жаңғыру» бағдарламасын үлкен жылулықпен қабылдадық
Елші елден тыс жерде тұрып жатқан қазақ халқының өкілдерімен тығыз байланысты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақ диаспорасының басын біріктіріп отырған «AKFT» ассоциациясының төрағасы Мустафа Услужан өз тарапынан елшіліктің әрдайым қолдау көрсетіп жатқанын тағы бір атап өтті. Сондай-ақ Франциядағы қазақ қоғамдастығы жастарының туған тіл мен ұлттық дәстүрлерді меңгеруі өз тек тамырларын нығайтып, халқымызбен байланысын сақтауда маңызы зор.
«Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпіне көшу туралы шешімін үлкен жылулықпен қабылдадық, себебі кириллицаны білмейтін жас ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиетін оқып үйренуде, қазақ өнерін танып білуде үлкен жеңілдік берері сөзсіз», - деді ол.
Одан бөлек диаспора Қазақстанға таныстыру сапарларын ұйымдастыру, оның ішінде студенттермен алмасу және балаларды отандық оқу орындарына жіберу қызығушылығын танытып отыр.
Кездесуге қатысқандар алдағы уақытта өткізуге, мәдени және спорттық шараларды, сондай-ақ ұлттық мейрамдар шеңберінде бірлесіп іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.
Елші Ж.Ғалиев Францияда оқып жатқан студенттер мен жұмыс істеп жүрген қазақ жастарының өкілдерін қабылдады.
«Араларыңызда еліміздің бірталай дарынды тұлғалары бар, Отанымыздың игілігі жолында бастау көрсетіп, түрлі жобаларды жүзеге асырып жатқандарыңызға, сонымен қатар қазақ-француз достастығын нығайтуға атсалысып жатқандарыңызға қуаныштымыз», - деп дипломаттық өкілдіктің басшысы атап өтті.
«Қорқыт» орталығының негізін қалаушылардың бірі Әйгерім Ерсаинова қазіргі таңда жас балалардың, сонымен бірге француз отбасыларымен асырап алынған балалардың қазақ тілін қаншалықты меңгеріп жатқандағы туралы бірқатар мағлұмат берді. Аталған орталықта қазақтың ұлттық аспапттарында ойнауға оқытып, қолөнер шеберлігі мен салт-дәстүрді жетік зерделеп, үйретеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда