• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразиялық бизнес форумға қатысу үшін Кеден одағы елдерінің басшылары шақырылды – Қ. Дәуітов

Еуразиялық бизнес форумға қатысу үшін Кеден одағы елдерінің басшылары шақырылды – Қ. Дәуітов

15 Қаңтар, 2014 13:02
17-18 сәуір айында өтетін Еуразиялық форумға қатысу үшін Кеден одағы елдерінің басшылары шақырылды, деп Еуразиялық бизнес форум ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қуаныш Дәуітов мәлімдеді.

«Еуразиялық бизнес форумға дайындық бес айдан бері жүргізілуде. Форумның басталуына да бес ай қалды. Бүгінде Қазақстандағы бизнес Еуразиялық экономикалық одаққа кірудің барлық мүмкіндіктерін бағалап үлгерген жоқ. Сондықтан форумда осы және өзге де мәселелерді талқылап, қарастыру жоспарланып отыр. Біз Қазақстанның және Кеден одағы елдерінің басшыларына шақырту жібердік», - деді Қ.Дәуітов.

«Мақсаты – жаңа тұтынушы мен әріптес іздеу,  бизнес диалогы мен мемлекет алаңын құру. Бизнес  географиясының ұлғаюы Қазақстаннның дамыған елдердің қатарына енуіне септігін тигізеді. Бұл Кедендік одақ елдері жетекшілерінің кездесуіне тағы бір арқау болып отыр», - деді ол.

Еуразиялық бизнес форум 17-18 сәуірде Алматы қаласында, сондай-ақ Астана экономикалық форумы атауымен 21-23 мамырда Астанада жалғасын табады.

ЕБФ ұйымдастырушыларының ақпараты бойынша, ЕБФ – бұл әлемдік ұйыммен қарым-қатынас орнату, «жасыл» экономикаға жылжу, бизнесті енгізу сынды үрдістерді жүзеге асырады. ЕБФ халықаралық қарым-қатынас алаңы ретінде танымал.

 

 

 

Барлық жаңалықтар