- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин Финляндияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Н.Нығматулин Финляндияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Мәжіліс Спикері елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, енді бірнеше күннен кейін Суомидің 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетіндігін алға тарта келе, фин халқына гүлдену мен бақ-береке тіледі. Сонымен бірге, осы жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Спикер атап өткендей, Финляндия Солтүстік Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып, Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Осы уақыттар ішінде қос мемлекет басшыларының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Финляндия Орталық Азия мен Солтүстік Еуропадағы стратегиялық әріптестерге айналды.
Мәжіліс Спикерінің пікірінше, аталған мемлекет барлық деңгейде сындарлы үнқатысуға қол жеткізген Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық әріптесі.
Өз кезегінде елші мырза Қазақстанның табыстарына өте жоғары баға беріп, біздің еліміздің экономикалық саладағы тәжірибесі әлемдегі бірқатар елдерге үлгі екенін жеткізді.
Тараптар Қазақстанда өткен ЭКСПО халықаралық көрмесіне айрықша назар аударып, бұл екі елдің байланысына жаңа серпін беретіндігіне тоқталды.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам