- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда елорданың 20-жылдығына арналған қандай шаралар өтеді
Қазақстанда елорданың 20-жылдығына арналған қандай шаралар өтеді
«Министрлік Астананың 20-жылдық мерейтойына белсенді дайын далып жатыр. «Елордалар шеруi», «Астананың 20 жылдығы» және «Әлемнiң 20 астанасы» деген ауқымды мәдени жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Олардың аясында жыл бойы жетекшi ұжымдар мен театрлардың көрмелерi, концерттерi мен фестивальдары өтедi. Осылайша әлемнiң дамыған елордалары Астанаға деген құрметiн көрсетiп, мәдени шаралар ұйымдастырады. Осы шаралар аясында бiз Бейжiң ұлттық опера театрымен бiрлескен қойылымдар қоюды жоспарлаудамыз. Бiз Джакомо Пуччинидiң «Турандот» операсын бiрiгiп қоятын боламыз. Нотр-Дам де Пари мюзиклының авторы Риккардо Коччантемен бірлесіп «Астана мюзикл» театры алғаш рет бұл спектакльді қояды», - деді А. Мұхамедиұлы.
Сонымен қатар, министр хабарлағандай, Ресейдiң «Первый канал. ОРТ» телекомпаниясымен бiрге «Менiң бақытым - Астана» деген 6 сериялы телехикая көрсетеледі. Телехикая Астана күнiн тойлау кезiнде басталады.
«Бұдан басқа, Вена, Мариин, Нью-Йорк опера театрларының, Жiбек жолы халықаралық көрмесi мен симфониялық оркестрiнiң елордаға гастрольдерi жоспарланған. Сондай-ақ, әлемге танымал музей экспонаттары Астанаға әкелiнiп, түрлi көрмелер ұйымдастырылады», - деп толықтырды министр.
Ведомство басшысы атап өткендей, ЭКСПО тәжiрибесi негiзге алынып, басты қойылымдар демеушiлердiң қолдауымен қойылатын болады.
«Жалпы, Астананың 20 жылдық мерейтойы әлемнiң елордаға қызығушылығын арттырып, шағын және орта бизнестi дамытуға, iшкi және сыртқы туризмдi дамытуға бағытталған», - деп түйіндеді А. Мұхамедиұлы.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды