- Басты
- Жаңалықтар
- «Цифрлық Қазақстан» 310 млрд теңгеден астам қаражат тартады – Д.Абаев
«Цифрлық Қазақстан» 310 млрд теңгеден астам қаражат тартады – Д.Абаев
Министр айтып өткендей, алдын ала есеп бойынша, 2025 жылға қарай экономиканы цифрландыру 1,7-2,2 трлн теңге қосымша құнды қамтамасыз етеді.
«Бағдарлама қосылған құнды қалыптастыру және экономикадағы шығындарды қысқарту тұрғысынан айтарлықтай әлеуетке ие, бұл 2025 жылдан бастап жылына 4,5-5% деңгейінде ел ЖІӨ-нің өсу қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, шамамен 1,6-2,2%, яғни, үштен бір бөлігі тек цифрландырылуға жұмсалады», — деді министр.
АКМ басшысы айтып өткендей, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру республикалық бюджет пен квазимемлекеттік сектор тарапынан 310 млрд теңгеден астам қаражат тартады
«Аталған бағдарламаны іске асыру үшін квазимемлекеттік субъектілердің есебінен 169 млрд-тан астам теңге әрі республикалық бюджет есебінен 141 млрд теңге бөлу қарастырылған», - деді Дәурен Абаев.
Жалпы, цифрландыру аясында 2022 жылға қарай «Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеу» секциясы бойынша еңбек өнімділігінің өсімін-38.9 пайызға, «Транспорт және қаттау» бойынша 21,2 пайызға, «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» бойынша 45,1 пайызға, «Өңдеу өнеркәсібі» бойынша 49,8 пайызға арттыру қарастырылған.
Сондай-ақ, жеке сауда көлемінде электрондық тауардың үлесі 2022 жылға қарай 2,6 пайызға артады.
«2022 жылы цифрландыру нәтижесінде жұмыс орындарының өсімі 300 мың адамды құрайды. Электрондық түрде алынған мемлекеттік қызмет үлесі 2022 жылы мемлекетік қызмет көлемінің 80 пайызын құрайды», - деді Д.Абаев.
Ақбота Күзекбай
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді