Семейде 1200 орындық мектеп ашылды

4 Желтоқсан, 2017 10:47
Семейде биыл екі мектеп ашылды. Оның бірі жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп 1200 орынға шақталған мектепті Даниал Ахметов ашты.

ШҚО әкімдігі  хабарлағандай,  қазіргі заманға  сай бой көтерген оқу орны жаңа модификация сыныптарымен жабдықталған. Кешенді интерактивті құралдар орнатылып, химия, биология, физика және информатика кабинеттері жақсартылған. 

«Мен көптеген елдерде болдым. Ондағы мектептер мен  балабақшалардың жағдайымен жақын таныспын. Көзім көргені, балалар қарапайым жағдайда білім алып жатыр. Тіпті, тамақтану үшін қолайлы орын қарастырылмайды. Мәселен, осы мектеп пен біздің елдегі өзге де әлеуметтік маңызды нысандармен салыстыруға да келмейді. Ерекшелікті отандастарымыздың бәрі бірдей көре алмайтыны өкінішті, әрине. Бірақ, мен біздің мемлекеттегі мектептер керемет туынды, нағыз сарайлар деп үлкен сеніммен айта аламын», - деді ШҚО әкімі Даниал Амхетов.  

Сондай-ақ,  мектепте тек білім алып қана қоймай, балалардың жан-жақты дамулары үшін де барлық жағдай жасалған. Спорттық және гимнастикалық құрылғылары бар екі спорт зал жұмыс істейді.

Барлық жаңалықтар