- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президентінің мәмілегерлігі Қырғызстанмен қарым-қатынасты қалпына келтірді — саясаттанушы
ҚР Президентінің мәмілегерлігі Қырғызстанмен қарым-қатынасты қалпына келтірді — саясаттанушы
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты, дипломатиялық жігерінің арқасында екі тарап аз уақыт ішінде бітімге келді. Бұл — Қазақстан Президенті көрсеткен дипломатиялық стиль. Сарапшылар мен саясаттанушылардың арасында «Назарбаевтың стилі» туралы жиі айтылады. Аталған стиль мәселелерді диалогпен шешуге негізделген. Оның арқасында мәселенің шешімін өзара пайдалы, бейбіт әрі төзімділікті талап ететін жолмен шешуге болады. Мұнымен қатар, осы стильді сыртқы саяси және өзге де мәселелердің шешімін табуда қолдана аламыз», — дейді маман.
Екі елдің достық қарым-қатынасын қалпына келтіру Қазақстан мен Қырғызстан үшін де маңызды оқиға деп мәлімдеді Санат Көшкімбаев. Саясаттанушының айтуынша, Қазақстан Президенті әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде Минскіде өткен кішігірім, бірақ мазмұнды әрі өнімді диалог арқылы дипломатиялық шеберлігін танытты.
«Бұл оқиғаны Қазақстан, әсіресе қырғыз қоғамы асыға күтті. Осы уақытқа дейін Қазақстан тарапы бірнеше рет Президенттердің келіп-кететінін, ал халық пен оның саяси мүдделерінің сол күйі қалатынын айтқан еді. Бұл мәнмәтінде қазақстандық көшбасшының қойған басымдылықтарының орны еш өзгермейді. Мемлекет басшысы көршілермен жақсы әрі ортақ мүдделері бар қарым-қатынастың маңызы зор екені туралы да айтқан еді. Оның осы қағидасы өзгеріссіз қала бермек. Бұл жолы Қазақстан билігі әрдайым өзара тиімді шешімдерге ашық екенін көрсетті», — дейді саясатшы.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 2 желтоқсанында Қырғызстан Республикасы елшілігінің Астана қаласына келуі аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚР вице Премьер-Министрі Толқынбек Абдығұлов екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Жол картасына қол қойды. Жол картасында қос мемлекет арасындағы шекара, транспорт, фитосанитарлық, ветеринарлық және әкімшілік салық сияқты маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 50 шара қамтылған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы