- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырғызстан билігі екі жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын Жол картасына қол қойды
Қазақстан мен Қырғызстан билігі екі жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын Жол картасына қол қойды
Минскіде Қырғызстан президентімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР билік өкілдері қырғыз делегациясымен жолығып, нәтижесінде Жол картасына қол қойылды.
Жол картасында қос мемлекет арасындағы шекара, транспорт, фитосанитарлық, ветеринарлық және әкімшілік салық сияқты маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 50 шара қамтылған. Құжатта оперативтік сипаттағы 16, 5 шұғыл және 29 жүйелік шара туралы жазылған.
«Бұл шаралардың барлығы қырғыз тауарларына ЕуразЭО нарығына қол жеткізіп, аталған мемлекеттің одан әрі ЕуразЭО талаптарына бейімделуіне бағытталған», — дейді Асқар Мамин.
Жол картасына қол қойылғаннан кейін Қазақстан мен Қырғызстан кеден, салық, ветеринария, фитосанитария және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ЕАЭО шекарасында бірігіп жүргізеді. Қырғызстан жоғарыда аты аталған салаларға қатысты бақылауды толықтай ЕАЭО талаптарына сай жүргізуге келісіп отыр.
«Жол картасы шараларын өз уақытында және толық орындау жалпы нарықты транспаренттілік, легитимділік және өзара пайда қағидаларына, сондай-ақ көршілік және достық секілді дәстүрлі арнасында өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды күшейтуге стимул береді", — деп мәлімдеді Мамин.
Осыған сәйкес ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының мәлімдеуінше, Қазақстандағы сәйкес органдармен қырғыз тауарларын растау және сертификациялауды жүзеге асыруды қосқанда Еуразия экономикалық одағының техникалық уақыт тәртібі талаптарымен өзара бақылау жұмыстарын өткізеді.
Жол картасына қол қою қорытындысы бойынша екі тарап 2017 жылдың 3 желтоқсанында сағат 00:00-ден бастап ҚР шекаралық қызметі қазақстан-қырғыз шекарасындағы барлық өткізу пункттері күшейтілген шекаралық тексеруден күнделікті шекаралық күзет нұсқасына өту туралы келісімге келді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы