Əбдісағин Рахат-Би: музыка – өз ойымды жеткізетін құрал

1 Желтоқсан, 2017 19:32
18 жастағы сазгер, пианист, халықаралық байқаулардың жеңімпазы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу кезінде ҚР Президентіне 13 жасында жазған туындысын ойнап берді.

 «Мен композитор әрі пианиношымын. Өнер ғылымдарының магистрімін. 13 жасымда - студент, 17 жасымда магистрант атандым. Жақында ғана Римнен келдім. Ол жақта докторантураға түстім. Римдегі академия 16-ғасырда ашылған. Финалдық кезеңге 14 адам келіп, 5 адам ғана оқуға түстік. Ең бастысы -сол академияға түскен ең жас әрі тұңғыш қазақстандық болдым», - деді Рахат-Би Әбдісағин.

Жас композитор 13 жасында шығарған туындысын көпшілік алдында ойнап берді.

«Мен ұйықтар алдында Моцартты тыңдаймын. Маған оның әуендері ұнайды. Адамды тыныштандырады. Менің ойымша, оған бір ғарыштық рух енген секілді. Мұндай әуен жайдан-жай туа салмайды. Сенің әуенің де сондай. Енді сені тыңдайтын боламын», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар