Хадича Хаңырат: Әйелдерге ғылыммен айналысу оңай емес

1 Желтоқсан, 2017 18:46
Әйелдерге ғылыммен айналысқан оңай емес. Бұл туралы «100 жаңа есім» жеңімпазының бірі жас ғалым Хадича Хаңырат мәлімдеді.

«Мен Хадича Хаңырат Қазақ-Британ техникалық университетінде ғылыми қызметкермін. Әйел үшін ғылыммен айналысу оңай емес. Жолымызда өте көп кедергі болады. Менің жолымда ең үлкен кедергі ата-анам менің Алматыға оқуға түсуіме тыйым салды», - деді Х.Хаңырат.

Ол айтып өткендей, адам өміріндегі кездесетін қиындық оның бір жетістіктің бастамауы болуы мүмкін.

«Өзіміздің арманымызға жету үшін одан да үлкен мақсат қою қажет. Мен профессор болуды армандадым. Қазір мен PhD докторымын», - деді ол.

Ақбота Күзекбай
 
 

Барлық жаңалықтар