- Басты
- Жаңалықтар
- А.Доровольский: Әрбір қазақстандық отбасының дастарханында бал тұруы керек
А.Доровольский: Әрбір қазақстандық отбасының дастарханында бал тұруы керек
«Омарташылықпен айналысу үшін «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы лауазымынан кеттім. Маған дейін отбасымда омарташылар болмаған. Мен өз өмірімнің бал сияқты тәтті болуын қалаған болармын. Ең бақытты сәт мен алғаш рет құтыны балға толтырған кезім болатын. Отбасында ормарташылар болмады, мен де осыған дейін бизнеспен айналыспадым. Туыстарым мен достарым қиын болады деді. Алғашында қиын болғаны рас. Мен бастағанда 25 бал арасы болды. Қазір олардың саны 150. Оны жақында тағы үш есеге арттыруды жоспарлап отырмын», - деді А.Добровольский.
Ол айтып өткендей, ол өзінің сүйікті ісімен айналысып, денсаулық реуептімен бөлісуге қуанышты.
«Мен өзімді бақытты әрі денсаулығы зор адам деп есептеймін. Менің сүйікті ісім болғанына қуаныштымын. Күнде жейтнім бал. Әлемде омарташылықпен айналысуға қолайлы 5-6 ел бар. Соның бірі Қазақстан», - деді ол.
Ол Елбасына 2050 жылға қарсы омарташылар бал өндірісін жылына 1 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғандығын айтты.
«Нұрсұлтан Әбішұлы, мен былайша есептеп көрдім. Мұнай баррелі 60 доллар тұрады. Ал бал баррелі – 700 доллар. Омарта шаруашылығы нарығында дағдарыс деген болмайды. Мүмкін Қазақстан мұнаймен ғана емес, балмен де айналысатын шығар», - деді Добровольский.
Сонымен қатар кәсіпкер алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Алдағы жылы Ақмола облысында 400 гектар аумақта бал өндірісі бойынша конвейерді іске қосамын. Алайда менің жеке жоспарларым да бар. Сізді балмен шай ішуге шақырамын», - деді Анатолий Добровольский.
Қайрат Жандыбаев
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді