- Басты
- Жаңалықтар
- Ерболат Досаев: 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында қазақстандық-вьетнамдық сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долларын құрады
Ерболат Досаев: 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында қазақстандық-вьетнамдық сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долларын құрады
Келісімге Вьетнамның Премьер-Министрі Нгуен Тан Зуңтың Қазақстанға ресми сапары шеңберінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылды. Келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
«2005 жылдан бастап 2013 жылдың 9 айына дейін Қазақстан экономикасындағы вьетнамдық инвестициялардың жалпы ағыны 2,4 млн. АҚШ долл. құрады, ал Вьетнамдағы тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2005 жылдан бастап 2013 жылдың 9 айын қоса алғанда болған жоқ»,-деп мәлімдеді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, министр «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ мен вьетнамдық «Петровьетнам» мұнай-газ корпорациясы арасындағы стратегиялық әріптестік инвестициалық ынтымақтастық басым бағыттарының бірі болып табылатынын алға тартты.
2013 жылғы қаңтар-қараша аралығында қазақстандық-вьетнамдық сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 1,4 млн. АҚШ долл., импорт - 220,4 млн. АҚШ долл.), бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2 есеге артық (121,3 млн. АҚШ долл.).
«Соңғы жылдары Вьетнам әлемнің қарқынды дамыған елдерінің бірінші ондығына кіретінін ескерсек, осы Келісімнің күшіне енуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі өрбуге үлес қосады»,-деп сөзін қорытындылады ҚР Экономика және бюджеттік Ерболат Досаев.
Вьетнамдағы Қазақстан Республикасының негізгі экспорттық тауарлары асбест, темір прокаты, сондай-ақ, түрлі көліктік құрылғылар болып табылады.
Айта кетейік, Вьетнамнан Қазақстанға шай, дәрі-дәрмек, тамақ өнеркәсібі үшін құрылғылар, компьютер және олардың жинақтауыштары импортталады.
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды