ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

ҚР Президенті «100 жаңа есім» жобасының қатысушыларын бірегей деп атады

ҚР Президенті «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарын бірегей деп атап, финалистерден басқа, 2 мың қатысушы туралы да ұмытпауымыз керек деді.
Нұр-Сұлтан 01 Желтоксан, 17:43

«Сіздер тәуелсіздік жылдары қалыптасқан Қазақстаннның 100 жаңа есімісіздер. Үш турдан өтіп, интернет арқылы дауыс беруден жеңімпаз атанғандарыңызды білемін. Онда тек қана  100 есім емес, 2 мың адам болды. Сіздер бірегейсіздер. Тәуелсіздік еркіндік берді, таланттарыңызды ұштауға мүмкіндік сыйлады. Сіздер жастарға үлгісіздер, олар өздеріңе қарап бой түзейді», - деді Президент.

Ұлт көшбасшысы рухани жаңғырудың болашақ үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

«Экономиканы құрдық, бизнесті жетілдірдік, Қазақстан әлемге танымал болды. Бізді сыйлайды, құрметтейді. Енді келесі қадамды «Рухани жаңғыру» арқылы жасауымыз керек», - деді Н.Назарбаев.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика