- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан дамыған ақпарат әлеміне қадам басты – Елбасы
Қазақстан дамыған ақпарат әлеміне қадам басты – Елбасы
«Рухани жаңғыру мәселесіне келетін болсақ, менің мақаламмен барлығыңыз таныссыздар деп ойлаймын. Қазақстан осы орайда ауқымды жұмыс жүргізуде, халық та қолдады. Біріншіден – бұл латын қарпіне көшу. Неге латын әліпбиі? Бүгінде ғылым, мәдениет туралы ақпараттың 70%-дан астамы ағылшын тілінде таралады. Ал ағылшын тілі, өздеріңіз білесіздер, латын әліпбиінде. Біз елімізде үш тілділікті жарияладық. 2020 жылға қарай бірінші сыныптан бастайтындар мектеп бітіргенде ағылшын тілін біледі. Демек ол балалар латын әліпбиін меңгерген деген сөз.Қазақ лексикасындағы бірнеше әріп кириллицада жоқ. Қазақ тілінде Щ, Ъ, Ь, Ч, Я, Ц әріптері жоқ. Осының бәрі басқа адамдарға оқу-жазуды қиындатты. Біз заманға ілесіп отыруымыз қажет. Латын қарпімен бірге біз дамыған ортақ ақпарат әлеміне – интернет, ғылым мен мәдениет тіліне енеміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚР Президенті айтып өткендей, «Сакралды Қазақстан» жобасы елді әлемге танытып, қазақстандықтардың өз еліне деген сезімін арттыра түседі.
«Сакралды географиясы бар әлем елдерін білеміз. Мәселен, Мексикадағы ацтектер пирамидасы, мен де онда болдым, Рим, Мадрид, барлық адам баратын ұлы, киелі жерлерді білеміз. Ал, Қазақстанда ондай жерлер бар ма, әрине, бар. Міндет қойылды, 100 киелі жерді табу, олар арқылы бізді әлем танып, халық өз отанын сүйетін болады. Ол орындар Қазақстандағы туристер баратын танымал жерлерге айналады. Біздің мәдениетімізді жаһандық әлем білуі керек», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан Тұңғыш Президент күнін мерекелеуде. Сондай-ақ, Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпаздарымен кездесті.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру